.RU

Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы – психолог, с-о-5 санаты, 1 бірлік

Дата05.03.2017өлшемі105.9 Kb.
Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі 300, анықтама телефоны: 293-53-74, 274-25-13 электрондық мекен-жайымыз ok_dchs_alm@emer.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:


  1. Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы – психолог, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жеке құрамның қызметін психологиялық қолдауды жүзеге асыру, психологиялық оңалтуды өткізу, қызметкерлердің кәсіптік жұмысқа жарамдылығын қалпына келтіру және психологиялық көмек көрсету. Қызметке (жұмысқа) және Министрліктің оқу орындарына оқуға қабылданатын адамдардың кәсіптік-психологиялық жарамдылығын анықтау, олардың кәсіптік міндеттерді орындауға психологиялық әзірлігін болжау, қызметкерлерді аттестаттауға қатысу. Қызметтік (оқу) ұжымдарда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру, онда әлеуметтік-психологиялық жұмыс, психологиялық кеңес жұмысын жүргізу. Жеке құрамды кәсіптік-психологиялық дайындау. Зардап шеккендерге, төтенше жағдайлар зардаптарын жою жағдайында жұмыс істейтін персоналға шұғыл психологиялық көмек көрсету іс-шараларын ұйымдастыру және іске асыру.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім саласы (педагогика және психология) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология) салаларында.


  1. Қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есепке алудың мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша шығыстар сметасын орындауды есепке алуды жүзеге асыру. Бюджеттік міндеттеріне сәйкес сметалармен көзделген бюджеттік жіктеуіштің кодтары бойынша (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) шығыстар жүргізу. Құжаттардың уақытылы және дұрыс құрылуына және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Ақшалай қаражатты, есептеулерді және материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеу нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтау және оларды есепте көрсету. Бюджеттік бағдарламалар бойынша негіздемелері және оларға үш жылға арналған есептеулері бар бюджеттік өтінімдерді әзірлеу. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер жасау. Құрама және жеке қаржыландыру жоспарларын жасау. Бюджетті орындау және бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органдар белгілеген қаржылық есептілікті жасау. Штаттық кестелер әзірлеу.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларында.


  1. Тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау. ТЖ департаменті мен оның бөлімшелерінің жұмысын уақытылы материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік желілер мен жабдықты техникалық пайдалануды, оларды жарамды жағдайда ұстауды қамтамасыз ету. Департамент пен құрылымдық бөлімшелердің ғимараттарын, құрылыстарын, жабдығын күрделі және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру. Департамент пен оның бөлімшелерінің бөлімдерін және басқармаларын кеңсе құралдарымен, құрал-жабдықтармен және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету. Департамент пен оның бөлімшелерінің автомобиль техникасын пайдалану мен сақтауды, заттай мүлікті, жанар-жағар май материалдарын қолдану мен күтуді ұйымдастыру. Техника мен техникалық құралдарды жөндеуді қамтамасыз ету, жарамсыз материалдық-техникалық құралдарды есептен шығару құжаттамасын әзірлеу. Аумақтарды жайластыру, үй-жайларды тиісті деңгейдгі тәртіпте және таза ұстау жұмысын ұйымдастыру. Жұмсалмайтын қордағы материалдық құралдарды есепке алу және оларды сақтауды қамтамасыз ету.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық ғылымдар және технология немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе қызмет көрсету салаларында.


  1. Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы (2019 жылғы 12 тамызға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне) С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу және талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенін әзірлеу және жүзеге асыру, халықтың және ұйымдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету іс-шараларын бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиямен тексеруге қатысу.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әскери іс және қауіпсіздік немесе техникалық ғылымдар және технология немесе құқық; немесе жаратылыстану ғылымдары салаларында.

  1. Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы (2018 жылғы 6 маусымға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне) С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Департаментте іс жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және азаматтардың өтініштері бойынша заңнаманың орындалуын бақылау. Құпия емес және қызмет бабында пайдалану үшін іс жүргізу, қызметтік құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттандыру және құжаттаманы басқару қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Департаментте істер номенклатурасын әзірлеу. Ведомстволық мұрағаттың бақылау-анықтамалық және басқа да картотекаларын қалыптастырып, жүргізу. Ведомстволық мұрағатқа келіп түскен құжаттардың сақталуын және сақтығын ұйымдастыру: келіп түсетін сұратуларға сәйкес құжаттардың мұрағаттық көшірмелерін беру, ведомстволық мұрағаттың құжаттарындағы бар мәліметтердің негізінде қажетті анықтамаларды құрастыру.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әскери іс және қауіпсіздік немесе техникалық ғылымдар және технология немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім салаларында.


  1. Алатау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:  Аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға бағыттылған іс-шараларын жүзеге асыру. Төтенше жағдайдың орнына шығу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысу. Сабақтар өткізу, Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша шаруашылық жүргізу объектілеріне және оқу мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету. Оқу-әдістемелік құжаттарын, оқу және көрнекі құралдарын әзірлеу. Азаматтық қорғау бойынша ауданның қызметтері мен объектілермен оқу- жаттығуларды дайындау және өткізуге қатысу.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әскери іс және қауіпсіздік немесе техникалық ғылымдар және технология немесе құқық немесе жаратылыстану ғылымдары немесе білім салаларында.


  1. Алмалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:  Аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға бағыттылған іс-шараларын жүзеге асыру. Төтенше жағдайдың орнына шығу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысу. Сабақтар өткізу, Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша шаруашылық жүргізу объектілеріне және оқу мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету. Оқу-әдістемелік құжаттарын, оқу және көрнекі құралдарын әзірлеу. Азаматтық қорғау бойынша ауданның қызметтері мен объектілермен оқу- жаттығуларды дайындау және өткізуге қатысу.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әскери іс және қауіпсіздік немесе техникалық ғылымдар және технология немесе құқық немесе жаратылыстану ғылымдары немесе білім салаларында.


  1. Наурызбай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:  Аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға бағыттылған іс-шараларын жүзеге асыру. Төтенше жағдайдың орнына шығу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысу. Сабақтар өткізу, Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша шаруашылық жүргізу объектілеріне және оқу мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету. Оқу-әдістемелік құжаттарын, оқу және көрнекі құралдарын әзірлеу. Азаматтық қорғау бойынша ауданның қызметтері мен объектілермен оқу- жаттығуларды дайындау және өткізуге қатысу.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әскери іс және қауіпсіздік немесе техникалық ғылымдар және технология немесе құқық немесе жаратылыстану ғылымдары немесе білім салаларында.




  1. Жетісу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:  Аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға бағыттылған іс-шараларын жүзеге асыру. Төтенше жағдайдың орнына шығу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысу. Сабақтар өткізу, Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша шаруашылық жүргізу объектілеріне және оқу мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету. Оқу-әдістемелік құжаттарын, оқу және көрнекі құралдарын әзірлеу. Азаматтық қорғау бойынша ауданның қызметтері мен объектілермен оқу- жаттығуларды дайындау және өткізуге қатысу.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әскери іс және қауіпсіздік немесе техникалық ғылымдар және технология немесе құқық немесе жаратылыстану ғылымдары немесе білім салаларында.


Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары мен құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. «Азаматтық қорғау туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, Бюджеттік кодексті білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті немесе ok_dchs_alm@emer.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(727) 274-25-13, факс 8(727) 293-53-74 арқылы алуға болады.

ҚР ІІМ сайты www.mvd.gov.kz.

Алматы қаласының ТЖД сайты www.dchs-almaty.kz.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты www.kyzmet.gov.kz.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Достарыңызбен бөлісу:

itogo-ekz--104-protokol-rassmotreniya-i-ocenki-kotirovochnih-zayavok-po-zaprosu-kotirovok.html
itogo-ekz--132-protokol-rassmotreniya-i-ocenki-kotirovochnih-zayavok-po-zaprosu-kotirovok.html
itogo-ekz--67-protokol-rassmotreniya-i-ocenki-kotirovochnih-zayavok-po-zaprosu-kotirovok.html
itogo-ekz--83-protokol-rassmotreniya-i-ocenki-kotirovochnih-zayavok-po-zaprosu-kotirovok.html
itogo-ekz-111-specifikaciya-na-postavku-izdanij-dlya-municipalnogo-uchrezhdeniya-kulturi.html
itogo-ekz-214-specifikaciya-na-postavku-izdanij-dlya-municipalnogo-uchrezhdeniya-kulturi.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-10-predlozhenie-i-konkurentnoe-povedenie-proizvoditelya-uchebnoe-posobie-tyumen-2005-udk-33-01-075-bbk-65ya73.html
  • turn.bystrickaya.ru/pokazateli-fizicheskogo-razvitiya-detej-za-tri-uchebnih-goda-1-obshie-svedeniya-ob-obsheobrazovatelnom-uchrezhdenii.html
  • lecture.bystrickaya.ru/ambler-t-prakticheskij-marketing-spb-piter-1999-bagiev-g-l-tarasevich-v-m-ann-h-marketing.html
  • education.bystrickaya.ru/104-smazka-rukovodstvo-soderzhit-informaciyu-o-sostoyanii-konvejera-na-moment-postupleniya-v-prodazhu.html
  • report.bystrickaya.ru/gost-20522-96-grunti-metodi-statisticheskoj-obrabotki-rezultatov-ispitanij-minstroj-rossii-m-1996.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/sekciya-cennie-bumagi-korporativnie-finansi-i-investicii-federalnaya-celevaya-programma-integraciya-institut-ekonomiki.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-dlya-studentov-ne-psihologicheskih-specialnostej-ochnoj-formi-obucheniya-podgotovleno-k-izdaniyu.html
  • desk.bystrickaya.ru/otchet-o-rezultatah-samoobsledovaniya-deyatelnosti-moskovskij-gosudarstvennij-institut-elektroniki-i-matematiki-stranica-2.html
  • writing.bystrickaya.ru/glava-3promishlenno-proizvodstvennie-zoni-rozhkov-g-v-r63-genezis-innovacionnoj-ekonomiki-v-rossii-pod-red-sgeroshenkova.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/lekciya-2-lichnostno-orientirovanij-podhod-osnovnaya-strategiya-obnovleniya-shkol.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/ya-kok-s-marii-celesti-kniga-predstavlyaet-soboj-sbornik-ocherkov-o-naibolee-tyazhelih-katastrofah.html
  • crib.bystrickaya.ru/istoriko-obshestvovedcheskoe-obrazovanie-v-shkole.html
  • school.bystrickaya.ru/gosudarstvennoe-stimulirovanie-investicionnogo-processa-opit-ssha-i-yugo-vostochnoj-azii.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-discipline-praktike-byudzhet-i-byudzhetnaya-sistema-rf-stranica-7.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/prvata-distancionna-nauchno-prakticheska-konferenciya-po-literatura-sesiya-ot-01-03-do-20-06-2006.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/provoda-i-shnuri-osvetitelnie-ob-utverzhdenii-edinogo-perechnya-produkcii-podlezhashej-obyazatelnoj-sertifikacii.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-uchebnoj-disciplini-osnovi-buhgalterskogo-ucheta-2011-g.html
  • gramota.bystrickaya.ru/zhitie-protopopa-avvakuma-im-samim-napisannoe-i-drugie-ego-sochineniya-stranica-21.html
  • bukva.bystrickaya.ru/petuhov-n-a-istoriya-voennih-sudov-rossii-monografiya-pod-red-i-s-predisl-d-yu-n-prof-v-m-lebedeva-stranica-10.html
  • studies.bystrickaya.ru/glava-12-25-iyunya-glupost-ili-agressiya.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/utverdit-prilagaemij-kompleks-mer-po-modernizacii-sistemi-obshego-obrazovaniya-volgogradskoj-oblasti-v-2012-godu-nastoyashee-postanovlenie-vstupaet-v-silu-so-dnya-ego-podpisaniya-i-podlezhit-oficialnomu-opublikovaniyu.html
  • essay.bystrickaya.ru/dekan-fakultetaio-familiya-prinyato-postanovleniem-uchenogo-soveta-gosudarstvennogo-obrazovatelnogo-uchrezhdeniya.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/vzdejstvie-vrhu-kachestvoto-na-vzduha-plan-za-dejstvie.html
  • esse.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-uchebnoj-disciplini-ekologiya.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/programma-vstupitelnogo-ispitaniya-po-predmetu-zhurnalistika-dlya-postupleniya-v-2011-g-v-spbgu-na-programmu-magistraturi-istoriya-russkoj-zhurnalistiki-po-napravleniyu-031.html
  • testyi.bystrickaya.ru/5-marketingovaya-sreda-rej-krok-1902-1984-44-rezyume-glavi-45-voprosi-dlya-obsuzhdeniya-45.html
  • tests.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-dlya-studentov-po-vipolneniyu-kursovoj-raboti-po-pediatrii-cel-kursovoj-raboti.html
  • pisat.bystrickaya.ru/teoriya-cherboni-kafedra-buhgalterskogo-uchyota-i-analiza-hozyajstvennoj-deyatelnosti.html
  • letter.bystrickaya.ru/metodika-osvoeniya-elementov-tradicionnoj-horeografii-v-horovom-klasse-i-folklornom-ansamble-muzikalnoe-soprovozhdenie-v-narodnih-tancah.html
  • lesson.bystrickaya.ru/rejting-shkoli-sredi-publichnij-doklad-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya-krasnodarskogo-kraya.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-ii-osnovi-organizacii-likvidacii-rekomendacii-po-organizacii-i-provedeniyu-radiacionnogo-kontrolya-na-5.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/administraciya-goroda-geroya-murmanska-postanovlenie-ot-12-oktyabrya-2009-g-n-1061-ob-utverzhdenii-dolgosrochnoj-celevoj-programmi-profilaktika-pravonarushenij-v-gorode-murmanske-na-2010-2012-godi.html
  • textbook.bystrickaya.ru/itogi-realizacii-municipalnogo-proekta-novie-obrazovatelnie-standarti-v-nachalnoj-shkole.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/uchenie-o-nevrozah-i-psihoterapiya-osnovi-ucheniya-o-nevrozah-viktor-frankl.html
  • spur.bystrickaya.ru/licejskie-konferencii-i-forumi-statisticheskij-otchet.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.